28
қаңтар
2026
«Терроризмге қарсы іс-қимыл»
Терроризмге қарсы іс-қимыл – ортақ міндет
2026 жылғы 26 қаңтарда №24 гимназияда «Терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында мұғалімдер мен оқушыларға арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында терроризмнің алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-әрекеттер туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға күмәнді жағдайларда сабыр сақтап, белгіленген тәртіпке сай әрекет ету қажеттігі түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық жұмыстар білім алушылар мен педагогтердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.




