25
мамыр
2026
№24 ГИМНАЗИЯСЫНДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
№24 ГИМНАЗИЯСЫНДА ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН «МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Білім мен тәрбиенің алтын ұясы — №24 гимназиясында мектеп бітіруші түлектерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты шараға құрметті қонақтар ретінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Есмағамбетова Айжан Серікбайқызы, Жамбыл облысы білім басқармасының бас маманы Қалыбаева Жанна Ыбышбайқызы қатысты.
Мерекелік жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру құрметі қалалық және облыстық пәндік олимпиадалардың жүлдегері, 11 «А» сынып оқушысы Шкильная Софияға және қалалық, облыстық физика пәні олимпиадаларының жүлдегері, Республикалық Президенттік олимпиаданың лауреаты, 11 «Г» сынып оқушысы Мухтаров Алиханға берілді.
Облыс әкімінің орынбасары Айжан Серікбайқызы мектеп бітіруші түлектерге жүрекжарды құттықтауын арнап, олардың жарқын болашаққа бастаған қадамдарына сәттілік тіледі.
Биылғы оқу жылында гимназия қабырғасынан 106 шәкірт үлкен өмірге қанат қаққалы отыр. Олардың қатарында 6 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, ал 9 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Сонымен қатар көптеген түлектер пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобаларда, спорт пен өнер салаларында жоғары нәтижелер көрсетіп, гимназия абыройын асқақтатты.
Жарқын болашаққа бастаған жолдарың ашық болсын, арманшыл да талапты жас түлектер!




