20
қаңтар
2026
«Өрт қауіпсіздігі»
Өрт қауіпсіздігі – басты назарда
Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен Тараз қалалық білім бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес 2026 жылдың 20 қаңтар күні сағат 15:00-де 6–7 сынып оқушыларына арналған «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында онлайн форматта түсіндірме сабағы өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға өрттің алдын алу жолдарын түсіндіру, төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын жеткізу болды. Онлайн сабақ барысында мамандар өрт қауіпсіздігі талаптары, тұрмыста және қоғамдық орындарда сақталуы тиіс ережелер, сондай-ақ өрт кезінде өзін-өзі қорғау тәсілдері туралы кеңінен мәлімет берді.
Іс-шара барысында оқушыларға көрнекі материалдар көрсетіліп, нақты мысалдар арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай түсіндірме сабақтары жасөспірімдер арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.