03
июнь
2026
«Зорлықсыз өмір – бақытты болашақ!»
№24 гимназияда оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Мероприятия барысында өз-өзіне қол жұмсау қаупінің алдын алу, мектеп аумағындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, шатырларға және қауіпті орындарға шығуды болдырмау, орынсыз интернет-контенттен қорғану, сондай-ақ дәрілік препараттарды жауапты пайдалану және оларға бақылаусыз қолжетімділікті шектеу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Қауіпсіздік ережелері және мектеп ішіндегі тәртіп» тақырыбында оқушылар жиналысы өткізіліп, білім алушыларға мектептің ішкі тәртіп қағидалары, қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті және жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Ата-аналар қауымымен «Зорлықсыз өмір – бақытты болашақ!» тақырыбында жиналыс ұйымдастырылып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала құқықтарын қорғау, отбасындағы қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың өмір қауіпсіздігін нығайтуға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және отбасы мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

