Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы» -саналы ұрпақ тәрбиелеу кепілі Тәрбие – өскелең ұрпақты биікке жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Қазіргі таңда қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу басты міндетіміздің бірі болып отыр. Сондықтан Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын.