Біртұтас тәрбие бағдарламасы » Гимназия №24
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№24 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-00-37
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-00-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біртұтас тәрбие бағдарламасы
10
қараша
2023

Біртұтас тәрбие бағдарламасы

Біртұтас тәрбие бағдарламасы» -саналы ұрпақ тәрбиелеу кепілі
🔹Тәрбие – өскелең ұрпақты биікке жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Қазіргі таңда қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу басты міндетіміздің бірі болып отыр. 
🔹Сондықтан  Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы білім беру саласына қатысты бірқатар негізгі міндеттерге тоқталған болатын. 
🔹Нәтижесінде «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздері енгізіліп жатыр. Яғни, биылғы оқу жылынан бастап 2023-2025 жылдарға арналған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу сапасын арттыруға бағытталған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» іске асырылуда. 
🔹Биылдан бастап тәрбие жұмысының рөлін күшейтуге көп көңіл бөлініп отыр. Мектепішілік бақылау - бұл білім алушылар мен педагогтердің жалпымемлекеттік талаптары мен сұраныстарына сәйкес оқу-тәрбие процесінің жай-күйін бағалау жүйесі десек, біртұтас тәрбие бағдарламасы бүгінгі таңда мектепшілік бақылау жүргізуде негізгі бағытымызға айналып отыр. Осыған байланысты Бағдарлама негізінде мектепшілік бақылауда тәрбие жұмысының рөлін күшейту басты назарға алынды.
🔹Бағдарлама негізінде мектептің тәрбие жұмысы бағыты бір арнаға тоғысты.. Сонымен қатар, балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара байланысы да басты назарда болады.