«Мен өмірді жақсы көремін, есірткіге қарсымын!» » Гимназия №24
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№24 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-00-37
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-00-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен өмірді жақсы көремін, есірткіге қарсымын!»
03
маусым
2026

«Мен өмірді жақсы көремін, есірткіге қарсымын!»

№24 гимназия-да оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткі заттарының зиянының алдын алу мақсатында «Мен өмірді жақсы көремін, есірткіге қарсымын!» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға есірткінің, әсіресе синтетикалық есірткілердің адам ағзасына, психикалық денсаулыққа және болашақ өмірге тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, оның мазмұны бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Дәріс барысында жастардың зиянды әдеттерден аулақ болып, дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруының маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға және қауіпсіз өмір салтын таңдауға бағытталды.