17
сәуір
2026
"Мен өзіме сенемін"
2025–2026 оқу жылы
№24 гимназияда білім алушылар арасында бопсалау фактілерінің алдын алу және анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама қорытындысына сәйкес профилактикалық іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда.
Осы жоспар аясында "Мен өзіме сенемін" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен тренинг өткізілді. Тренингті мектеп психологы Жұмабекова Жазира Темірханқызы жүргізді. Іс-шара барысында оқушылар өз-өзіне сенімділікті арттыру, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, сондай-ақ бопсалау мен қысымға қарсы тұру дағдыларын дамыту бағытында жұмыс жасады.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, оң әсер алды.
Смотреть видео