09
сәуір
2026
Бүгін, 09.04.2026 жылы №24 гимназияда 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен маңызды жиналыс өтті.
Бүгін, 09.04.2026 жылы №24 гимназияда 11-сынып оқушыларының ата-аналарымен маңызды жиналыс өтті.
Жиналыстың негізгі мақсаты – оқу жылының аяқталуына байланысты ұйымдастырушылық және тәрбие бағытындағы өзекті мәселелерді талқылау болды. Ата-аналарға мектепте қаражат жинауға қатаң түрде тыйым салынатыны, сондай-ақ сыйлықтар беру, түрлі ақылы қызметтерді ұйымдастыру және мерекелік шерулер өткізуге жол берілмейтіні жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басты назар – оқушылардың қауіпсіздігіне, тәртібіне және заң талаптарын сақтауға аударылды.
Ата-аналармен өзара түсіністік пен бірлескен жауапкершілік – сапалы тәрбие мен саналы ұрпақ тәрбиесінің негізі.


