09
сәуір
2026
№24 гимназияда «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» және «Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыптары бойынша жалпы мектепішілік сейсможаттығу өткізілді.
№24 гимназияда «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» және «Су тасқыны кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыптары бойынша жалпы мектепішілік сейсможаттығу өткізілді.
Жаттығудың мақсаты – білім алушылар мен қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, шұғыл әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және практикалық дайындықтарын жетілдіру.
Оқу-жаттығу барысында оқушыларға жер сілкінісі мен су тасқыны кезінде өзін-өзі ұстау ережелері, қауіпсіз жерге жедел эвакуациялану тәртібі және алғашқы әрекеттерді дұрыс орындау жолдары түсіндірілді.
Жаттығу жоспарға сәйкес, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылды.