16
наурыз
2026
№24 гимназиясында қазақ тілін меңгеруге қызығушылықты арттыру мақсатында «Steppe Games» мобильді қосымшасын пайдалану бойынша танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
№24 гимназиясында қазақ тілін меңгеруге қызығушылықты арттыру мақсатында «Steppe Games» мобильді қосымшасын пайдалану бойынша танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға қосымшаның мүмкіндіктері таныстырылып, қазақ тілін ойын форматында үйренудің тиімді жолдары түсіндірілді. Оқушылар мобильді қосымшаны жүктеп, интерактивті тапсырмалар арқылы сөздік қорын толықтырып, диалогтық сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
«Steppe Games» – қазақ тілін заманауи цифрлық форматта үйренуге арналған ойын. Ол балаларды ұлттық мәдениетпен, дәстүрлермен таныстырып, ойын арқылы тіл үйренуге мүмкіндік береді. 
Шара барысында оқушылар белсенділік танытып, қазақ тілін ойын арқылы меңгеруге үлкен қызығушылық білдірді. Алдағы уақытта аталған қосымша қазақ тілі сабақтарында қосымша әдістемелік құрал ретінде жүйелі түрде қолданылатын болады.
