22
ақпан
2026
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: «Осы жаңа Конституцияны әзірлеудің өзі бүгінгі Қазақстанда өте прогрессивті қадам екенін қарастыруымыз керек.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
«Осы жаңа Конституцияны әзірлеудің өзі бүгінгі Қазақстанда өте прогрессивті қадам екенін қарастыруымыз керек. Өйткені 1995 жылғы конституция бүгінгі таңда моральдық көнерген. Ол конституция қабылданған кезеңде елімізде терең экономикалық дағдарыс орын алып, нарықтық қатынастарға жаңа ауысқан кезеңде халықтың конституция мәтінін оқу, оны талқылауға мүмкіндігі болмады. Сондықтан Конституцияны 15 ғана адам дайындады. Ал жаңа Конституция қазақ тілінде әзірленіп, оған Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан 130 тарта адам қатысты, олар қатарында заңгерлер, теоретик ғылымдар, практиктер, сондай ақ аймақтардан қоғам белсенділері болды. Тағы бір айта кетерлігі еліміздің барлық аймақтарының тұрғындары жаңа Конституция мәтінімен таныс, және оны толығымен қолдап отыр».
Смотреть видео