Жамбыл облысында 15 наурызға белгіленген жалпыхалықтық референдумға байланысты өңірде ақпараттық-түсіндіру кезеңі қарқын алды. » Гимназия №24
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№24 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-00-37
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-00-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жамбыл облысында 15 наурызға белгіленген жалпыхалықтық референдумға байланысты өңірде ақпараттық-түсіндіру кезеңі қарқын алды.
24
ақпан
2026

Жамбыл облысында 15 наурызға белгіленген жалпыхалықтық референдумға байланысты өңірде ақпараттық-түсіндіру кезеңі қарқын алды.

Жамбыл облысында 15 наурызға белгіленген жалпыхалықтық референдумға байланысты өңірде ақпараттық-түсіндіру кезеңі қарқын алды. Осыған орай өңірлік коалиция мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Тараз қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында арнайы әзірленген ақпараттық материалдар белгіленген орындарға ілініп, қала тұрғындарына таратылды. Түсіндіру жұмыстары халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда ұйымдастырылды. Белсенділер тұрғындарға референдумның маңызы, дауыс беру тәртібі мен қатысу жолдары туралы ақпарат беріп, сауалдарға жауап берді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, алдағы уақытта облыс тұрғындарына 70 мыңға жуық ақпараттық үгіт-насихат материалы таратылады. Бұл жұмыстар өңірлік коалиция мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының 90-ға жуық белсендісінің қатысуымен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақпараттық-түсіндіру шаралары алдағы күндері де облыстың барлық аудандары мен елді мекендерінде жалғасады. 

Смотреть видео

Похожие публикации: