11
ақпан
2026
Буллингке жол жоқ!
2026 жылғы 11 ақпанда №24 гимназияда 9-сынып оқушыларымен буллингтің алдын алу мақсатында әңгіме-лекция ұйымдастырылды.
Іс-шара Әділет департаментімен бірлесе отырып өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның психологиялық және құқықтық салдары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Шараның мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, өзара құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру және қауіпсіз мектеп ортасын нығайту.
Буллингке жол жоқ!






