10
желтоқсан
2025
№24 гимназияда сейсможаттығу және өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өтті
№24 гимназияда сейсможаттығу және өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өтті
2025 жылдың 9 желтоқсанында №24 гимназияда Азаматтық қорғаныс жоспарына сай «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» және «Өрт кезіндегі іс-әрекет» тақырыптарында оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Іс-шара екі ауысымда өтіп, оған 1512 оқушы, 112 мұғалім және 30 қызметкер толық қатысты.
Белгі берілгеннен кейін оқушылар мен мұғалімдер ғимараттан қауіпсіз аймаққа жедел эвакуацияланды.
Жаттығу барысында өрт дабылы кезіндегі қауіпсіз көшу тәртібі, жер сілкінісі кезінде өзін дұрыс ұстау ережелері және мұғалімдердің оқушыларды шұғыл эвакуациялау әрекеттері пысықталды. Барлық сыныптар нұсқаулықты толық орындап, журнал бойынша тексерілді.
Жаттығу басшысы оқу-жаттығулардың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, мұндай шаралар төтенше жағдай туындаған кезде мектеп ұжымының дұрыс және жылдам іс-қимыл жасауына үлкен дайындық болатынын жеткізді.

