27
қараша
2025
«Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі»
Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында №24 гимназияда 25 қараша күні «Бақытты бала – бейбіт елдің тірегі» атты ата-аналар қоғамдастығымен маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында ата-аналармен бала қауіпсіздігі, құқықтары мен отбасындағы тәрбиенің маңызы жайлы ашық әңгіме өрбіді.
Негізгі мақсат – ата-ана мен баланың өзара сенімге негізделген қарым-қатынасын дамыту, отбасылық тәрбиеге назар аударту.
Бала – елдің болашағы! Оның амандығы мен бақыты – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!







