«Алтын тұғыр» » Гимназия №24
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№24 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-00-37
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-00-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алтын тұғыр»
12
қараша
2025

«Алтын тұғыр»

Жакипбаева Жазира Темірханқызы – «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының жүлдегері
 Математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының Қалалық кезеңде бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы Жакипбаева Жазира Темірханқызы лайықты 2 орынға ие болды.
 Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.
 «Алтын тұғыр» олимпиадасына қатысушылар өздерінің кәсіби біліктілігін, заманауи әдістемелерді қолдану шеберлігін және шығармашылық тәсілін көрсетті. Жакипбаева Жазира Темірханқызы жоғары деңгейдегі дайындық пен кәсібилігін танытып, қаладағы әріптестері арасында екінші орынға ие болды.
 Бұл жеңіс тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар білім саласының дамуына қосқан үлес болып табылады. Жазира Темірханқызыны шын жүректен құттықтап, педагогикалық қызметінде жаңа табыстар тілейміз!