10
қазан
2025
2025 жылдың 8 қазан күні №24 гимназияда 9-10 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу және кибербуллингтің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың 8 қазан күні №24 гимназияда 9-10 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу және кибербуллингтің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараға Тараз қалалық полиция басқармасының өкілдері – полиция майоры Мырзатаев Серік, Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Пирматов Азат және Киберқылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Кошмаганбетов Мухамед қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға құқықбұзушылық түрлері, олардың салдары, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, соның ішінде кибербуллинг туралы жан-жақты мәлімет беріліп, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тиісті жауаптар алды.

