1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ » Гимназия №24
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№24 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-00-37
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-00-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
29
наурыз
2024

1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ


1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

2024-2025 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталады.

Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған. 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады. 

Өтінішті ата-аналардан қабылдау жүзеге асырылады: 

egov.kz электронды үкімет порталы арқылы

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • ата-ананың өтініші;
  • баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті. 
  • «Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у нысанды анықтама.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, биылғы жылдан бастап «Бала денсаулығының паспортын» ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.

         Ағымдағы жылда Оқу-ағарту министрлігімен egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы ырқылы мемлекеттік қызметтің бизнес-процесі жаңартылды:

микроучаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған;

сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады;

білім беру ұйымымен келісім-шарт «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шартқа танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады).

Похожие публикации: