№24 гимназияда ағымдағы жылдың ақпан айында ДҚТІЖО Р.С. Кезенгараева
19.02.2026 ж. №24 гимназияда ағымдағы жылдың ақпан айында ДҚТІЖО Р.С. Кезенгараева және Жанықұл Айбек – Тараз қаласы прокуратурасы бөлім прокурорының қатысуымен «Құқықбұзушылыққа төзбеушілікті тәрбиелеу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға: заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың салдары, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: жасөспірімдерді заңды құрметтеуге және сақтауға үйрету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.