«Бірліктің күші» » Гимназия №24
Коммунальное государственное учреждение
«Гимназия №24»
отдела образования по городу Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 54-00-37
Бухгалтерия
+7(7262) 54-00-37
Версия для
слабовидящих
» » «Бірліктің күші»
17
март
2026

«Бірліктің күші»

Тараз қаласындағы №24 гимназиясында «Қазақстан – достық пен татулық мекені» айлығы аясында 9-сынып оқушылары арасында «Бірліктің күші» тақырыбында эссе байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Аталған байқаудың басты мақсаты – оқушылардың ел бірлігі, татулық пен ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру болды.
Байқау барысында оқушылар өз ойларын терең жеткізіп, бірлік пен ынтымақтың қоғамдағы маңызына ерекше тоқталды. Әрбір эсседе туған елге деген құрмет, достыққа деген адалдық пен болашаққа деген сенім айқын көрініс тапты.
Іс-шара соңында үздік деп танылған жұмыстар марапатталып, оқушылардың еңбегі жоғары бағаланды. Бұл байқау жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастырып, бірлік пен татулықтың қадірін түсінуге үлкен үлес қосты. 

Смотреть видео